Жаңалықтар

15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты апталық кітап көрмесі бастау алды

10 ақпан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 36 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ауған соғысы - 1979 - 1989 жылдар арасында созылған КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс.1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды.Он жылға созылған Ауған соғысында 620 мыңға жуық Кеңес әскерлері қатысты, оның ішінде Қазақстаннан Ауған соғысына 22269 жауынгер қатысты. 15 ақпан - Ауғанстан ардагерлерінің мерекесі, қаза болған жауынгер-интернационалистерді еске алу күні. Қазақ әскерлері батылдықпен күресіп, соғыста ержүректілік танытты. Батылдық көрсеткені үшін 86 сарбазға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстанның көптеген қалаларында Ауған соғысында қаза болғандарға арнап мемориалдық кешендер орнатылды. Оқырмандарға «Ер есімі – ел есінде»...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2025

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 7 ақпан күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі «Халық Банк» мекемесінде өтті. Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2025 жылы ел болып оқитын кітап ретінде проза жанрындағы ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнект...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.02.2025

Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы – халық жазушысы» атты кітап көрмесі

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы – халық жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан қатысушыларға Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның тарихи романдарының мән-маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол зағип және нашар көретін оқырмандар үшін арнайы Sara-se сканерлеп және дауыстап оқитын машинкасының көмегімен жазушының шығармаларын тыңдау мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Оқырмандарға бұл құрылғыны қолдану тәртібі көрсетіліп, әдеби мұраны қолжетімді форматта игерудің маңыздылығы атап өтілді.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.02.2025

«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқаудың шарттары

«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқаудың шарттары Байқауға қатысатындар туралы өтінім 2025 жылдың сәуір айының 20 на дейін okuzaly.19@mail.ru электронды поштасына қабылданады. Байқау Сейфуллин атындағы Жетісу облысының орталық кітапханасында 2025 жылдың мамыр айында өтетін болады. Байқауға 13-14 жас аралығындағы қатысушылар қатыса алады. Әдебиеттер тізімі: 1. «Ұшқан ұя» 2. «Мәскеу үшін шайқас» 3. «Курлияндия майданы» 4. «Музей апа» I кезең «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша қатысушылар Б. Момышұлының өлеңдерін жатқа оқиды. (әдебиеттер тізімі төменде көрсетілген). II кезең Оқылған шығармалардан қысқа көрініс қою. Көрініс 3 минуттан аспауы тиіс. III кезең «Дұрыс жауап» кезеңінде қатысушыларға жазушы Б.Момышұлының өмірі жайлы сұрақтар қойылады (әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылады). IV кезең «Батырым – Бауыржан» кезеңінде қа...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Афиша Уақыты: 03.02.2025

Жастарға қызмет көрсету орталығында инклюзивтік тренинг өтті

Талдықорған Жастары орталығы мен «It Service Education» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері арасында инклюзивтік тренинг өткізілді. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі мен инклюзивті білім алуға деген көзқарасты жақсартуға бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен олардың күнделікті кездесетін қиындықтары туралы тың ақпараттар алды. Сонымен қатар, шараға зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханасы да қатысып, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын таныстырды. Кітапханашы Нұрланов Рауан зағип және нашар көретін жандарға арналған арнайы құрылғыларды да таныстырып, олардың мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар дауыстап оқитын Clear Reader құрылғысымен, Victor Reader тифлофлешплеерімен және басқа да көмек...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.01.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика